Бүгiн 2026, 16:44 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Бағдаршамның қызыл түсіне жүгіріп шыққан: Астанада көлік қаққан жасөспірімнің жағдайы ауыр

13 жасар жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен ауруханада жатыр.

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бағдаршамның қызыл түсіне жүгіріп шығып, көлік астына түскен мектеп оқушысының жағдайы туралы айтты.

Жол-көлік оқиғасынан кейін кәмелетке толмаған бала шұғыл түрде №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылған.

Зардап шегуші шұғыл түрде №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Пациенттің жағдайы ауыр деп бағалануда. Қазіргі уақытта жасөспірімге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, оқиға 11 мамырда болған. Renault автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне жүгіріп шыққан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Содан кейін 13 жасар жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған.

Еске салайық, бұған дейін Астанада аулада кішкентай бүлдіршінді көлік қағып кеткен болатын. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Көкшетаудағы өлімге әкелген жол апаты: Жаңа дерек шықты

Таразда полициядан қашқан 15 жастағы бала апатқа ұшырады

Әкесінің көлігін айдаған 15 жастағы жасөспірім бағанаға соғылды: Бір адам қаза тапты