Бүгiн 2026, 15:10 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Автобустың есігін сындырған: Қостанайда «ашулы» жолаушы жауапқа тартылды

Жолаушы наразылық білдіріп, автобустың есігін ұрып сындырған.

Қостанайдың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірді деп айыпталған ер адамға қатысты іс қаралды.

Сот мәліметтері бойынша, 2026 жылғы 15 сәуірде мас ер адам бағыттық автобусқа мінбек болған. Алайда жүргізуші жолаушының мас екенін және өзін агрессивті ұстағанын байқап, оны автобусқа кіргізуден бас тартқан.

Бұған жауап ретінде ер адам жүргізушімен жанжалдасып, оны күш көрсетумен қорқытқан. Кейін өз наразылығын білдіріп, автобустың есігін ұрып сындырған.

Нәтижесінде автобус иесіне материалдық шығын келді. Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, сол сәтте мас болғанын және автобусқа міне алмаған соң ашу үстінде осындай қадамға барғанын растады.

Сот қаулысымен ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш (216 250 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, – деп хабарлады Қостанай сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда ер адам автобус жолын жауып, жанжал шығарды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Ақтөбеде автобустан құлаған әйелге 2 млн теңге өтемақы төленеді

Теміртауда автобус жүргізушісі жолаушыға тамақ үшін тап берді

Түркістанда әйел мен баласы автобустан құлап, ауыр жарақат алды