Ауладағы қайғылы жағдай: Астанада кішкентай бүлдіршінді көлік қағып кетті
Аулада көлік қаққан бүлдіршін қайтыс болды.
2026 жылдың 3 мамырында Иманов көшесі мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің ауласында «Kia Seltos» маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікпен қозғалып келе жатып, жолға жүгіріп шыққан кішкентай бүлдіршінді қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Полиция жүргізушілерге аулалар мен оған іргелес орналасқан аумақтарда қозғалыс кезінде аса мұқият болуды және жолға балалардың кенеттен жүгіріп шығуы мүмкін екенін ескертеді.
Сондай-ақ ата-аналардан қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін кәмелетке толмаған балаларды жол маңында және аулаларда қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.
Еске салайық, бұған дейін Астанада эвакуатор аялдаманың күл-талқанын шығарғаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Семейде мас жүргізуші көлікпен кітапхана ғимаратына соғылды
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Тергеу аяқталуға жақын
Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште 7 адам зардап шекті
Посмотреть эту публикацию в Instagram
- Қатты жел, аптап ыстық: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды 02:34
- Израиль мен Түркия арасында қақтығыс қаупі жоқ – Трамп 01:29
- АҚШ әскері танкерге соққы жасады: Үш үнді теңізшісі із-түзсіз жоғалып кетті 00:30
- Полиция күмәнді табыс көздерінен сақ болуға шақырады 10.06.2026
- ТЖМ тікұшағы екі науқасты шұғыл түрде Семейге жеткізді 10.06.2026
- АҚШ Иранға жаңа соққылар жасауға дайын екенін мәлімдеді 10.06.2026
- Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады 10.06.2026