22 Шілде 2026, 20:24 Фото: видеодан скриншот

Атырауда дүкен кассасынан 2,5 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Күдікті қаладағы бірнеше азық-түлік дүкені кассаларынан әртүрлі көлемде ақша ұрлаған.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала аумағында бірнеше рет ұрлық қылмысын жасаған 30 жастағы ер адамды ұстады.

Тексеру барысында күдіктінің қаладағы бірнеше азық-түлік дүкенінің кассаларынан әртүрлі көлемдегі ақшалай қаражатты жасырын жымқырғаны анықталды. Оның ішінде соңғы жасаған ұрлығында дүкен кассасынан 2 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай каражатты колды еткені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, кылмыстық іс сотқа жолданды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция ұрлық қылмыстарының алдын алу мақсатында азаматтар мен кәсіпкерлерді жеке мүліктің сақталуына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ, құқық қорғаушылар сауда орындарында кассаларда ірі көлемдегі ақшалай қаражатты қалдырмау және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау маңызды екенін ескертеді. Осы ретте, азаматтарға ұрлық, бөтеннің мүлкін жымқыру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ұрлықпен айналысқан бір отбасындағы үш келін ұсталды

Тағы оқи отырыңыздар:

Ақтөбеде ер адам қарызы мен алиментін жабу үшін жұмыс орнын тонап кеткен

Астанада емделуші стоматологиялық емханада ұрлыққа түсті

Ақтөбеде ер адам танысының телефонынан білдіртпей 1 млн теңге аударып алған