16 Сәуір 2026, 09:39 Фото: gov.kz

Атырау полициясының бастығы жұмыстан шығарылып, қамауға алынды

Қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы Бақтыбек Исаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомствоның нақтылауынша, жоспарлы қызметтік тексеру барысында қалалық полиция басшысы тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер жасау фактілері анықталған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ІІМ.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда колония қызметкері пара алғаны үшін сотталды

Тағы оқи отырыңыздар:

Атыраудағы арнайы қабылдау бөлімінде қамауда отырған ер адам қайтыс болды

Шенеунік түрмеде отырған уақытын жасыру үшін "больничный" жасатқан

30 мың адам ескі түрмеде отыр: Сотталғандарға қандай жағдай жасалады?