Атырау облысында зираттан аңшы мылтығы мен оқ-дәрі табылды
Зираттан заңсыз сақталған аңшылық қаруы мен 12 калибрлі 5 дана оқ-дәрі анықталған.
Атырауда құқық қорғаушылар жедел-іздестіру іс-шаралары барысында зират басынан қару-жарақ жасырылған орынды тапты.
Атырау облысының ҚАЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, азаматтың берген жауаптары зиратты тексеруге негіз болған.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері қала аумағындағы зираттардың бірінен заңсыз сақталған аңшылық қаруы мен 12 калибрлі 5 дана оқ-дәріні анықтап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тәркілеген.
Аталған бағыттағы жұмыстар қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз қару айналымының алдын алуға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған. Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде құқық қорғау органдарының өзара үйлесімді жұмысы мен кәсіби деңгейінің жоғары екені байқалады.Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тиісті тексеру амалдары жүргізілуде. Заңсыз қару сақтау және оны айналымға енгізу фактілерінің алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар тұрақты түрде жалғасады, – деп нақтылады департамент өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленгені хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
АҚШ Еуропаға қару жеткізуді кейінге қалдыруы мүмкін
Шымкентте заңсыз миграциядан пайда тауып келген қылмыстық топ ұсталды
Лукашенко Ким Чен Ынға атыс қаруын сыйлады
Атырау полициясының бастығы жұмыстан шығарылып, қамауға алынды