Бүгiн 2026, 16:21 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Атырау облысында сақтандырусыз жұмыс істеген 520 медқызметкер анықталды

520 медицина қызметкері сақтандырусыз жұмыс істеген.

Атырау облысында прокурорлар 520 медқызметкердің құқықтарын қорғады. 

Қызылқоға ауданы прокуратурасымен еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында аудандық аурухана қызметінде заң бұзушылықтар анықталды.

Заң талаптарына қарамастан, 2025 жылдан мекемемен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандырылу қамтамасыз етілмеген. Нәтижесінде 520 медицина қызметкерлері жұмыстарын тиісті сақтандыру қорғауынсыз жүзеге асырып келген. Сақтандырудың жоқ болуы өндірістік жарақат немесе басқа төтенше жағдай орын алған кезде жұмысшыларды заңнамамен көзделген өтемақы төлемдерінен және әлеуметтік кепілдіктерден айыру тәуекелін тудырады. Прокурорлық қадағалау актісімен медқызметкерлердің еңбек және конституциялық құқықтары қалпына келтірілді, - деп хабарлады Атырау облысы прокуратурасы.

Еске салайық, бұған дейін дәрігерлерге демалыссыз жұмыс істеткен лауазымды тұлғалар жазаланды.

Тағы оқи отырыңыздар:

«Аутизмді емдейміз»: Денсаулық сақтау министрлігі желідегі жарнамаға қатысты пікір білдірді

Ақмолада әскер мәселесін "шешемін" деген дәрігер сотталды

Қазақстандағы үздік дәрігерге 2 миллион теңгеден сыйақы беріледі