Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде «аутизмді толық емдеу», «жалған аутизм» және басқа да нақты емес теориялар туралы қызу мәлімдемелер көбейіп келе жатқанын айтты.
Осы орайда министрлік азаматтарды осындай ақпаратқа сын көзбен қарауға және тек дәлелді медицинаға сенуге шақырады.
Аутизм спектрінің бұзылыстары (AСБ) – бұл халықаралық медициналық қауымдастық растаған нейродамудың ресми танылған ерекшелігі. Аутизм «тәрбиенің дұрыс болмауынан», гаджеттерден немесе вакцинациялаудан туындамайды. Бүгінгі күні аутизмді «тез және толық емдеуге» қабілетті ғылыми дәлелденген әдіс жоқ. Ғажайып терапиялардың, күмәнді дәрі-дәрмектердің және жалған ғылыми әдістердің уәделері отбасыларды адастырып қана қоймай, кәсіби көмек алу үшін аса қымбат уақытты жоғалтуға әкелуі мүмкін. Бала үшін ең маңыздысы – ерте анықтау, уақтылы түзету, мамандардың сүйемелдеуі және отбасының қолдауы, - дейді Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары Майра Бейсен.
Министрлік ескертеді: балалардың денсаулығы хайптың, манипуляцияның және жалған сенсацияның тақырыбы емес.
Еске салайық, бұған дейін Астана әуежайы ерекше балаларға ыңғайлы жаңа қызметті іске қосты.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар саны күрт артты
Шекарасыз өмір: Астанада аутизмі бар балалар үлкен сахнаға шықты
Парацетамол ішсе, аутизм болатыны рас па?