Астанадан шыққан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонуға мәжбүр болды
Ұшақтың Ақтөбеде мәжбүрлі қонуына қатысты ресми мәлімдеме.
8 мамырда Астана - Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындайтын ұшақ Астанадан сағат 08: 54-те ұшып шығып, техникалық себеппен 11.34-те Ақтөбеге қонған.
Әуе кемесінің экипажы стандартты қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қону туралы шешім қабылдады. Қону штаттық режимде өтті. Жолаушыларды одан әрі тасымалдау үшін әуе компания Алматыдан резервтік ұшақ жіберді және рейстің жолаушылармен Ақтөбе қаласынан ұшуы бүгін 14.20-ға жоспарланған. Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуе компанияның басты басымдығы. Әуе компаниясы жолаушылардан қолайсыздықтары үшін кешірім сұрайды, - деп хабарлады Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыға швейцариялық ұшақ шұғыл қонғаны хабарланған.
Тағы оқи отырыңыздар:
Біріккен Араб Әмірліктері елдің әуе кеңістігін толығымен ашты
АҚШ-та ұшақ апатынан бес адам қаза тапты
Биыл жазғы маусымда әуе билеттері қымбаттауы мүмкін