Астанада қызды көлігімен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды
Астанада қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желіде Астанада болған жол апатының видеосы тарады. Видеодан көшеде кетіп бара жатқан қызды көлік қағып, кейін түк болмағандай кетіп қалғанын көруге болады. Ал қызды қағып, көлік жүргізушісінің тоқтамастан ол жерден кетіп қалғаны басқа көліктің бейнетіркегішіне жазылып қалған.
Оқиғаға қатысты Астана қаласының ПД ПП МБ BAQ.KZ сауалына жауап жазды.
«Jetour Т2» автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Меркідегі жол апатынан 4 адам қайтыс болды. Ішкі істер органы жүргізушінің полиция қызметкері екенін растамады.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақтау-Бейнеу жолындағы апат: Түйені қаққан көлік қарсы жолаққа шығып, 4 адам қаза тапты
Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды
Ақтөбеде ер адам «көлікпен қағып кеттің» деп жүргізушілерден ақша бопсалаған