14 Қыркүйек 2026, 16:35 Фото: видеодан скриншот

Астанада құрылыс маңында баланың үстіне профлист құлады

Астананың Нұра ауданында профлист құлап, салдарынан бала жарақат алды. Құрылыстың жауапты өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл оқиға туралы бұған дейін әлеуметтік желілерде хабарланған болатын. Threads желісінің қолданушысы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ауданда баланың үстіне профлист құлағанын айтып берген еді.

Автордың айтуынша, іргелес үйлердің тұрғындары аумақты абаттандыруды сұрап, әкімдікке бірнеше рет жүгінген. Ол лас пен қазылған учаскелердің салдарынан жаяу жүргіншілер аялдамаға қарай қоршау бойымен жүруге мәжбүр екенін алға тартады.

Астана Полиция департаменті реакция білдірді. Ведомство өкілдері құрылыс компаниясының жауапты өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

«Құрылыс нысанының аумағын тиісті түрде ұстамағаны үшін құрылысқа жауапты өкіл (учаске бастығы) абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция редакцияның сауалына берген жауабында.

Нұра аудандық полиция басқармасы зардап шеккен баланың жағдайын да нақтылады.

«Жарақат алған кәмелетке толмаған балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді, оның өмірі мен денсаулығына ешнәрсе қауіп төндірмейді», – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары құрылыс компаниялары мен жауапты тұлғаларға қауіпсіздік талаптарын сақтау және іргелес аумақтарды тиісті күйде ұстау қажеттігін еске салды.

Еске салайық, бұған дейін Астанада 9 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада аулада тоқ соққан 5 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Астанада басына кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер қайтыс болды

Басынан қан кетіп, есінен танып қалған: Шымкентте полицейлер ауыр жарақат алған балаға көмек көрсетті