Астанада 9 жасар баланың үстіне футбол қақпасының құлауы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 10 тамыз күні Қазақстан футбол федерациясы орталығының аумағында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаттығу кезінде бала футбол қақпасына асылған, салдарынан конструкция оның үстіне құлаған. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
9 жасар баланың үстіне футбол қақпасының құлауы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анықталғандай, жаттығу кезінде бала футбол қақпасына асылған, салдарынан конструкция оның үстіне құлаған. Бала жарақат алып, қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Астана қаламсының ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін ҚФФ өкілдері алаңның жеке футбол мектебіне жаттығу өткізу үшін жалға берілгенін түсіндірді. Қазіргі уақытта федерация оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, нысан мен құрал-жабдықтардың техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізіп жатыр.