Бүгiн 2026, 12:06 Фото: pixabay

Астанада мас тракторшы полициядан қашып, жаяу жүргіншілер жолымен жүйткіді

Елордада алкогольдік ішімдік ішкен трактор жүргізушісі 18 тәулікке қамалды.

Астанада трактор жүргізген мас жүргізуші полициядан қашып, жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. 

Полиция жүргізушінің ұсталғанын хабарлады. 

Аталған факті бойынша трактор жүргізушісі көлік құралын мас күйде басқарғаны және ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оны 18 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда кәмелетке толмаған бала рөлге отырып, полициядан қашты.

Тағы оқи отырыңыздар:

Жамбылдық жүргізушінің «қашу операциясы» сәтсіз аяқталды

Қостанайда «ашулы» жолаушы жауапқа тартылды

Павлодарда жасөспірім мас күйде көлік айдаған