Маңғыстауда кәмелетке толмаған бала рөлге отырып, полициядан қашты

Маңғыстау облысында полицияның тоқтау талабына бағынбаған Subaru жүргізушісі ұсталды. Көлік тізгінінде кәмелетке толмаған жасөспірім отырғаны белгілі болды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов Бүгiн 2026, 11:16
Бүгiн 2026, 11:16
109
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері жолда күмән тудырған Subaru Forester маркалы автокөлікті байқады. Полиция қызметкерлерінің заңды тоқтау талабына жүргізуші бағынбай, жоғары жылдамдықпен қозғалысын жалғастырған. Қуып жету нәтижесінде көлік тоқтатылып, жүргізуші ұсталды.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті мәлім еткендей, тексеру барысында көлік тізгінінде кәмелетке толмаған жасөспірім отырғаны анықталды.

Фото: Маңғыстау облысының Полиция департаменті

Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған жүргізуші көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, оның анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оның құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады облыстық ПД.

Автокөлік мамандандырылған айыптұраққа қойылды.

Кәмелетке толмаған жасөспіріммен және оның заңды өкілімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға балалардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеу жөніндегі заң талаптары қосымша түсіндірілді.

Тағы оқи отырыңыздар: Қарағанды облысында қайғылы апат: Мотоцикл соқтығысында жасөспірім мен ер адам қаза тапты 

Павлодарда жасөспірім мас күйде көлік айдаған: Ата-анасы айыппұл арқалады 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх