Астанада көлігінің ақауына байланысты тоқтаған жүргізушіні басқа көлік қағып өлтірді
Тоқтап тұрған көліктің жүргізушісін басқа көлік қағып кетті.
Астанада жүргізуші жол апатынан көз жұмды. Көлігінің ақауына байланысты тоқтаған адамды басқа көлік қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Не болды?
Апат 5 қазанда Қошқарбаев пен Орхон көшелерінің қиылысында болған. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде 9 қазанда тарады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі көлігіндегі техникалық ақауға байланысты тоқтаған. Оқиға кезінде ер адам өзінің көлігінің жүк салғышының (багажниктің) жанында тұрған.
Оның үстіне Hyundai Tucson көлігі келіп соғылған. Алған жарақаттарының салдарынан Volkswagen Passat жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасы болған жерден түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды.
Полиция не хабарлады?
Астана қалалық Полиция департаменті қайғылы жол апаты болғанын растады.
«Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесімен келе жатып, Орхон көшесінің қиылысында Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісін қағып кетті», – деп хабарлады полиция BAQ.KZ сауалына жолдаған жауабында.
Оқиға фактісі бойынша қылмыстық тергеу басталды.
«Қылмыстық іс қозғалды. Hyundai Tucson автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Тексеріс жүргізіліп жатыр», – деп толықтырды ПД өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында жүргізуші көлікті соғып, одан кейін тротуарда жасөспірімдерді қағып кетті.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада қызды көлігімен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды
Алматы облысында балаларды көлігімен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші ұсталды
Шахтинскіде 19 жастағы бойжеткенді автобус қағып кетті
Посмотреть эту публикацию в Instagram