16 Қараша 2026, 12:23 Фото: видеодан алынған кадр

Астанада дүкен атын жамылған ломбардтар желісі әшкереленді

Астанада комиссиялық сауданы бүркемелеп, лицензиясыз қарыз берген «01market» ломбардтар желісіне қатысты тергеу аяқталды. Заңсыз қызметтен түскен табыс 102 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, жылдан бері күдіктінің бақылауындағы «INVEST PRO KZ» ЖШС, «Исмагулов Р.Б.» және «Pro Kz» жеке кәсіпкерліктері тиісті лицензиясыз мүлікті кепілге қабылдап, қарыз беріп келген.

Қызметтің шынайы сипатын жасыру үшін клиенттерге комиссиялық сауда мәмілесі жасалғандай етіп кепіл билеттері рәсімделген. Қарыз қолма-қол беріліп, сыйақы, мерзімді ұзарту төлемдері мен айыппұлдар аталған кәсіпкерлік субъектілерінің шоттарына түскен.

Қарыз 30 күнге беріліп, күніне 0,25 пайызға дейін сыйақы есептелген. Қарызын уақытында қайтармағандарға қосымша айыппұл салынып, ол төленбеген жағдайда кепілдегі мүлік сатылған.

Мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету үшін сот санкциясымен екі пәтерге, үш автокөлікке және екі кеңсеге тыйым салынған.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Тағы оқи отырыңыз: Ғылыми жобаға бөлінген 1 млрд теңгеге жуық қаржы жоғалды: «Bal halal» басшысы қамауға алынды 

Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды 

50 пайыз пайдаға сеніп, несие алған: Тараздық әйел 2 млн теңгеге жуық қаржысынан айырылды