Астанада болашақ туралы фильм түсіруге болады - Шон Ганн

«Галактика сақшылары» фильмінің жұлдызы, актер Шон Ганн алдағы жылдары Астанада фантастикалық фильмдер түсірілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан алғашқы «Галактика сақшыларының» жекелеген көріністері түсірілуі мүмкін орындардың бірі болды. Мұнда тамаша орындар бар, бірақ, өкінішке қарай, Қазақстанда түсірілім жасау туралы шешім қабылданған жоқ. Менің қаланы аралап көруге көп уақытым болмады. Бірақ соның өзінде мен өте қызықты және ерекше ғимараттарды, мысалы Хан шатыр мен Бәйтеректі көрдім. Мұндай футуристік қалада болашақ туралы фильмдер түсіруге болады, - дейді Шон Ганн.

ComicConAstana-ның тағы бір басты хедлайнері «Галактика сақшылары» фильміндегі Йонду рөлін орындаушы Майкл Рукер фестивальде оны ең таңқалдырғаны адамдар екенін, олардың сондай ақкөңіл, мейірімді және ашық екенін айтады.

Мені сұрақ-жауап сессиясында кішкентай жанкүйерлер қатты таңқалдырды. Олар 6-7 жас аралығындағы мектеп оқушылары және олар өте терең сұрақтар қояды, ағылшын тілін жетік біледі және маңызды философиялық тақырыптар бойынша пікір айтады, – деді Майкл Рукер.

Еске сала кетсек, бұған дейін актер Майкл Рукер қазақстандық жас актерлерге кеңес берген еді. Сондай-ақ ол қазақтың ұлттық тағамы туралы пікір білдірді. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы