Астанада басы горшокқа кептетіліп қалған 4 жасар бала құтқарылды
Құтқарушылар баланың басынан пластик құмыраны шешуге көмектесті.
Астанада құтқарушылар басы горшокқа кептетіліп қалған 4 жасар балаға көмекке барды.
Бүгін елордалық 112 пультіне Есіл ауданы Ұлы Дала даңғылындағы үйде 2022 жылы туған баланың басына өзінің дәретке отыратын ыдысын киіп, оны өздігінен шеше алмай қалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел жетті. Құтқарушылар арнайы механикаландырылмаған құралдың көмегімен пластик түбекті абайлап кесіп алды. Түбек баланың басынан қауіпсіз түрде алынды. Медициналық көмек қажет болған жоқ, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Түркістанда ине жұтып қойған 9 айлық сәбиге көмек көрсетілді.
Тағы оқи отырыңыздар:
Семейде 47 жастағы әйелдің ішінен 6 келілік ісік алынды
Беті картонмен жабылған: Ақтауда кішкентай бала кәріз құдығына құлап кетті
Алматыда дәрігерлер 5 жасар баланың өкпесінен тирдың оғын алып шықты