Астанада баспалдақтан құлаған оқушы ауруханадан шығарылды

Астанадағы № 14 мектеп-гимназиясында баспалдақтан құлап, жарақат алған оқушы ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 14 мектеп-гимназияда баспалдақтан құлап, жарақат алған бала емдеу мекемесінен шығарылып, үйіне жіберілді.

Ол жазылып, үйіне шықты. Біздің білуімізде, баланың жағдайы жақсы, - деп хабарлады басқармадан.

Балаға қосымша медициналық бақылау қажет пе, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Баланың алған жарақаттарына байланысты көру қабілетінің төмендеуі мүмкін бе, жоқ па, бұған қатысты да ешқандай ақпарат жоқ.

25 қыркүйекте Астананың №14 мектеп-гимназиясында жазатайым оқиға орын алды. Бала баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алды. 26 қыркүйекте Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева зардап шеккен баланың жағдайы туралы айтты. Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды, мектеп директоры жұмыстан шығарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы