3 Қараша 2026, 09:54 Фото: видеодан алынған кадр

Астана көшелерінде балағат сөздер жазылған көлікпен жүрген жүргізуші қамалды

Toyota Camry көлігіндегі әдепсіз жазулар әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Полиция жүргізушіні анықтап, оған қатысты қатаң шара қолданды.

Астанада Toyota Camry автокөлігінің сыртына әдепсіз сөздер мен адамдық қадір-қасиетті қорлайтын жазулар жазып, қала көшелерінде жүрген жүргізуші анықталды. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап, BAQ.KZ хабарлайды.

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында аталған автокөліктің бейнесі жарияланған жазба анықталған. Көліктің сыртына бейәдеп сөздер мен айналасындағылардың ар-намысына тиетін жазулар жазылған.

Тексеру барысында жүргізушінің осы көлікпен елорда көшелерінде жүріп, айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны және қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері көлік иесін анықтап, ұстады. Ол – 21 жастағы Искандар Ирисдавлатов.

Аталған дерек бойынша азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Еске сала кетейік, Таразда есігі жоқ көлікпен жүрген жүргізуші жазаланды. Жүргізуші көлігін жөндеу орнына жеткізбек болған. Алайда эвакуатор шақырудың орнына өзгеше шешім қабылдаған.

Сондай-ақ, жол ережесін бұзғанын тікелей эфирде көрсеткен екі шымкенттік қамалды. Екі 18 жастағы жігіттің әлеуметтік желідегі әрекеті полиция назарынан тыс қалмады.

Тағы оқи отырыңыз: Пойыздың өткенін күтпеді: Таразда BYD жүргізушісі өрескел заң бұзды 

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секіріп кеткен қызды басқа көлік қағып кетті