24 Қараша 2026, 19:58 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнде күн күрт суытады

Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа температурасы күрт құбылады. Еліміздің оңтүстігінде ауа +25 градусқа дейін жылынғанымен, жұмаға қарай күн айтарлықтай суытады. Елордада қар жауып, көктайғақ болады және екпіні 28 м/с-қа дейін жететін қатты жел соғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана: күннің жылынуы қарға ұласады

25 қарашада елордада көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Ауа температурасы түнде 0…−2 градус, күндіз +3…+5 градус болады.

26 қарашада Астанада ауа температурасы +6…+8 градусқа дейін жылынады. Алайда күндіз жаңбыр жауып, желдің екпіні кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Түнде термометр бағаны −1…+1 градусты көрсетеді.

27 қарашада жылы ауа райы қайта суытады. Қалада негізінен қар жауып, көктайғақ болады, ал түнде екпіні 25 м/с-қа дейін жететін қатты жел соғады деп болжануда. Тәулік бойы ауа температурасы 0…−2 градус шамасында сақталады.

Алматы: жазға бергісіз жылылықтан кейін күн суытады

25 қарашада Алматыда түнде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз ауа +13…+15 градусқа дейін жылынады, түнде +5…+7 градус болады.

Ең жылы күн 26 қарашаға сәйкес келеді. Термометр бағаны +18…+20 градусқа дейін көтеріледі, бірақ күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Түнде +7…+9 градус жылы болады деп күтілуде.

Жұма күні, 27 қарашада температура күрт төмендейді. Түнде де, күндіз де +6…+8 градус жылы болып, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Желдің екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді.

Шымкент: +25-тен +8 градусқа дейін

25 қарашада Шымкентте жауын-шашын күтілмейді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +6…+8 градус, күндіз +18…+20 градус болады.

26 қарашада қалада күздің соңына тән емес ерекше жылы ауа райы орнайды: ауа +23…+25 градусқа дейін жылынады. Жылы ауа райымен бірге жаңбыр жауып, екпіні 20 м/с-қа дейін жететін жел соғады. Түнде +11…+13 градус жылы болады деп күтілуде.

27 қарашада күндізгі температура шамамен 15 градусқа – +8…+10 градусқа дейін төмендейді. Түнде термометр бағаны +4…+6 градусты көрсетеді. Түнгі және таңертеңгі уақытта жаңбыр жауады.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» РМК Қазақстанда биыл қыс қандай болатыны туралы болжам жасады. 

Сондай-ақ, қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалатыны хабарланды.