Ақтөбеде лифтіні тепкілеген үш жігіт қамауға алынды
Ақтөбеде лифтіні тепкілеген үш жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында жас жігіттердің көпқабатты үйдің лифтін қасақана бүлдірген сәті түскен бейнежазба анықталды.
Оқиға 18 қарашада түнгі мезгілде Ақтөбе қаласындағы 11-шағын ауданда болған. Бейнежазбада лифтіге мінген үш жігіттің бірі оның есігін аяғымен бірнеше рет қасақана теуіп, жұдырығымен ұрғаны көрсетілген. Салдарынан лифт есігінде ақау пайда болып, тұрғындар оны уақытша сөндіруге мәжбүр болған.
Полиция құқық бұзушылардың жеке басын жедел анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Лифтіні қасақана бүлдірген сол үйдің тұрғыны 2000 ж.т. Бекзат Құрақбаев болып шықты. Оған және Ақтөбе облысының тұрғындары 2001ж.т. Азамат Торымов пен 2000ж.т. Саламат Жолдыбайға қатысты полиция әкімшілік заңнаманың үш бабы - қоғамдық орында алкогольдік мас күйде жүру, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік материал жинады. Нәтижесінде сот шешіммен құқық бұзушылардың үшеуі де әкімшілік қамаққа алынды. Лифтімен «жұдырықтасқан» жігіт 10 тәулікке қамалса, қалған екеуін 5 тәулікке қамау туралы шешім қабылданды, - деп жауап жолдады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына.
Полиция барлық тұрғындарды заң мен тәртіпті сақтауға шақырады. Әрбір заңсыз әрекет – заңды жауапкершілікке әкеледі.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада лифтінің есігін тепкілеп, сындырып тастаған ер адам 5 тәулікке қамалды.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада мас тұрғын екі жеделсатыны істен шығарды
Астанада шетелдік әйел лифт ішінде дәрет сындырды
Атырауда лифт құлап, бірнеше адам зардап шекті