Астанада шетелдік әйел лифт ішінде дәрет сындырды

Елордада әйел адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 13:40
Бүгiн 2026, 13:40
216
Фото: видеодан скриншот

Шетелдік әйел тұрғын үйдің лифтінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Тексеріс барысында оның тұрғын үйлердің біріндегі лифт ішінде дәрет сындырып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналадағыларға құрметсіздік танытқаны анықталды.

Аталған факті бойынша құқық бұзушы ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен оған әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, істі қарау барысында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу жағдайлары анықталды. Сот шешіміне сәйкес, азаматша ел аумағынан тыс жерге депортацияланады, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Астана қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық тәртіп нормаларын қатаң сақтау және айналадағыларға құрметпен қарау қажеттілігін ескертеді. Заңсыз әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Еске салайық, бұған дейін Астанада компьютерлік клубта дәрет сындырып, ойран салған ер адам қамалды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Баланың коляскасына дәрет сындырған курьерге қатысты жаңа дерек шықты

Желіде тараған видео: Алматыда лифтіде дәрет сындырған курьер жазаланды

Астанада "біртүрлі" дәретхана пайда болды

Наверх