Ақтөбе облысында шахта жұмысшысы қаза тапты
Хромтауда вагондарды тіркеу жұмыстарын орындау кезінде жарақат алған жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдай 29 қазанда ERG құрамындағы «Қазхром» компаниясының Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтасын болды.
Вагондарды тіркеу жұмыстары кезінде тау-кен жұмысшысы жарақат алды. Зардап шеккен қызметкер Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қолдан келген барлық шараны жасағанымен, қызметкердің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, - делінген компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада.
Компания қаза болған қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетеді.
Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылады. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы туралы қосымша ақпарат беріледі, - деп жазылған ресми парақшада.
Айта кетейік, бұған дейін де Ақтөбе облысындағы кен-байыту комбинатындағы шахтада жұмысшы қаза тапты.
Тағы оқи отырыңыз:
Жезқазғанда кәріз құдығын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты
Семейде құрылыс алаңында жұмысшы қолынан айырылды
Шығыс Қазақстан облысында жұмысшы жүк тиегіш көлікке тапталып, қаза тапты