Ақтөбе облысындағы кен-байыту комбинатындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

 depositphoto.com 21 Қазан 2026, 16:00
21 Қазан 2026, 16:00
133
Фото: depositphoto.com

Ақтөбе облысындағы Дөң кен-байыту комбинатының шахтасында опырылу салдарынан жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға 20 қазанда болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

ERG компаниясының мәліметінше, Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында сақтандыру бекітпесін орнату жұмыстары кезінде тау-кен массасы опырылған. Оқиға салдарынан ұңғылаушы ауыр жарақат алып, қаза тапты.

Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілuty. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Комбинат басшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтып, отбасына қажетті көмек көрсететінін мәлімдеді.

Компания өкілдері марқұмның отбасымен байланыста екенін және оларға қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.

Ал Ақтөбе облысының полиция департаменті тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан адамның абайсызда қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғады.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын, себептері мен оған ықпал еткен жағдайларды анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Наверх