Бүгiн 2026, 13:13
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Ақтөбе облысында 23 жастағы мұғалім суицид жасады: Тергеу басталды
Бүгін таңертең жас мұғалімнің суицид жасағаны анықталды, алайда мұндай қадамға не себеп болғаны белгісіз.
Ақтөбе облысында 23 жастағы жас мұғалім суицид жасағаны анықталды. Темір ауданы полициясы оның өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін таңертең оның суицид жасағаны анықталды, алайда мұндай қадамға не себеп болғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Белгілі болғандай, жас мұғалім Темір ауданының Алтыкарасу ауылдық округіндегі Еңбекшин мектебінде тарих пәнінен сабақ берген. Оның әріптестері оны тек жақсы қырынан еске алып, жақында ғана ашық сабақ өткізгенін айтты.
Темір ауданы полиция бөлімі педагогтің қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр.
Кеше, 18 ақпанда хабарлағанымыздай, Атырау облысында 10-сынып оқушысы өлі табылды. Облыстық Полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады.
Сондай-ақ, Петропавлда Назарбаев мектебінің оқушысы 3-қабат терезесінен құлаған.