Бүгiн 2026, 13:16 Фото: REUTERS/Ken Cedeno

Ақ үйдегі атыс: Күдікті Трамп әкімшілігіне шабуыл жасауды жоспарлағанын мойындады

Оқиғаның мән-жайы мен күдіктінің әрекетіне не түрткі болғаны әлі де анықталып жатыр.

Ақ үй жанындағы тілшілер қауымдастығы ұйымдастырған іс-шара кезінде болған атысқа байланысты ұсталған адам АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдеріне шабуыл жасауды көздегенін айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

CBS News мәліметінше, күдікті – Калифорния штатында тұратын 31 жастағы Коул Аллен. Дереккөздердің айтуынша, ол ұсталғаннан кейін жауап беріп, нысанасында мемлекет басшысының әкімшілігінде қызмет ететін лауазымды тұлғалар болғанын жеткізген.

Оқиға Ақ үй жанындағы тілшілер қауымдастығы ұйымдастырған  қабылдау кезінде болған. Сол сәтте шараға президенттің өзі де қатысып отырған.

Кейін күдіктінің фото және бейнежазбалары жарияланды.