Алматыдағы лай көшкінінің себептері аталды
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин лай көшкініне не себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин лай көшкініне алдын ала болжам бойынша қандай себеп болуы мүмкін екенін атап берді.
Күн түскеннен кейін біз тағы көтеріліп көрдік, тағы да бірнеше себеп болуы мүмкін. Комиссия толығымен көріп, жан-жақты зерттеп сіздерге нақты жауап береді. Су құбырынан басқа жоғары жақтан жаңбыр суының дұрыс бағытталмаған фактілері анықталып жатыр. Сонымен қатар жоғары жақта толық салынып бітпеген үй. Үйдің заңды-заңсыз салынғаны тексеріліп жатыр, – деді ол.
Сонымен қатар заңсыз құрылыс объектілерін тексеру жұмыстары бұған дейін де атқарылғанын атап өтті.
Тұрғындардың таулы мекендерде арнайы шара қолданбаған, ережелерге сай салынбаған үйлердің жайы анықталған фактілер бізде бар. Мысалы, заңсыз немесе заңнан тыс салынған үйлерге тиісті шаралар қолданылып жатыр. Апта сайын, ай сайын құрылыс объектілерін тексеретін басқарма тарапынан көптеген объекті бұзылып, бастапқы қалпына келтірілуде, – деді Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.
Еске салсақ, бүгін таңда Алматыда лай көшкіні болған. Салдарынан екі үйді лай басып қалған. Өкінішке қарай, үйінді астынан 2007 жылғы баланың денесі табылды.