Алматыда үйінді астынан төрт адамды іздеп жатыр

8 Ақпан 2024, 07:57
503
Бөлісу:
Алматыда үйінді астынан төрт адамды іздеп жатыр
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматыда көшкіннен соң үйлердегі үйінділердің астынан төрт адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оның екеуі – балалар.

Жылжыманың түсуіне суық сумен жабдықтау құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалдануы себеп болған. Үйлердің жақын орналасуы, техниканы пайдалану мүмкіндігінің болмауы жұмыстарды қиындатуда, - делінген ведомство ақпаратында.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Жинау пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті. Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Жергілікті жерде ТЖД психологиялық тобы жұмыс жасауда.

Еске сала кетейік, бұған дейін ТЖМ 8 ақпанда сағат 02-20-да Медеу ауданында Тау-Самал шағын ауданында алдын-ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың батпақтануына байланысты жылжыманың түскені туралы айтқан болатын. Сондай-ақ қар көшкіні қаупі барын ескертті.

Өзгелердің жаңалығы