30 Шілде 2026, 18:43 Фото: ©BAQ.KZ коллажы/ЖИ

Алматыда түн ортасында көмек сұраған әйелді курьер құтқарып қалды

Жанайқайы шыққан әйелге курьер көмекке келді.

Алматының Медеу ауданында курьер әйелдің айқайын естіп, көмекке ұмтылған. Ол көпқабатты үйдің кіреберісінен шығып бара жатып, күзет бөлмесінен шыққан шуға назар аударған, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Бір секунд та кідірместен, ол оқиғаға араласып, әйелге қатысты жасалып жатқан заңға қайшы әрекетті тоқтатты. Осыдан кейін бірден оқиға орнына патрульдік полиция экипажы шақырылды. Келіп жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізді», - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.

Кездейсоқ куәгердің дер кезінде араласуының арқасында қылмыстық ниет соңына дейін жүзеге аспады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Алматы ПД өкілдері «азаматтардың бейжай қарамауы мен қызметкерлердің жедел әрекет етуі ауыр қылмыстардың алдын алуға жиі мүмкіндік беретінін» атап өтті.

«Осындай жағдайларда шетте қалмай, болып жатқан оқиға туралы дереу 102 телефонына хабарлау маңызды», - деп қосты департаменттегілер.

Еске салайық, бұған дейін астаналық тұрғын курьер арқылы алаяқтарға 21 миллион теңге жібергені анықталды

Тағы оқи отырыңыз:

Интернет-алаяқтарға көмектескен күдікті Алматыда ұсталды

Алматыда жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан 22 жастағы курьер қаза тапты

Кәмелетке толмағандардың түнгі ауысымда жұмыс істеуіне рұқсат бар ма?