Алматыда шетелдіктер ақылы негізде вакцина салдыра алады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында шетелдіктер вакцинаны ақылы түрде салдыра алатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, шетелдіктер қаладағы жекеменшік медициналық ұйымдарда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинаны салдыра алады.
Оның бағасы барлығына бірдей. Баға 8 025 теңгеден аспауы керек. 7 500 теңгеге де салдыруға болады, дегенмен зертханалардың көбі бағаны 8 025 теңге көлемінде ұстап тұр, - деді Жандарбек Бекшин.Бұған дейін Қазақстанда тұрып жатқан шетелдіктер мен еңбек мигранттары аталған вакцинаны тегін салдыра алатыны айтылған. Тек, Қазақстанға уақытша келген шетелдіктер ақылы негізде салдырады делінген.
Жалпы қалада ақпан айынан бері 188 148 адам вакцина салдырған. Өткен тәулікте 7 620 адам екпе салдырыпты.
Айта кетейік, Бекшин онлайн брифинг барысында қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайлы баяндады. Сонымен қатар ол Алматыда мамырдың 1-10 аралығында зираттар жабық болатынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Біз әр мемлекетте тұрып жатқан қандастарымызбен тығыз байланыс орнаттық – Серікхан Ахметов
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы