Алматыда мерейтойлық цифрлық форум өтеді

2-3 ақпанда Алматыда «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» V халықаралық цифрлық форумы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пікірталастың басты тақырыбы инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлері болмақ. Форумда 150-ден астам спикер – халықаралық және қазақстандық IT-қоғамдастық өкілдері сөз сөйлейді. 

Digital Almaty-ға әлемнің 30 елінен 15 мыңнан астам адам қатысады. Қатысушылар өнеркәсіп салаларының автоматтандырудан цифрландыруға көшуін, цифрлық майнингтің келешегін, роботтандыруды қолдану саласын, Еуразиялық өңірде IT-саланы дамытуды талқылайды. 

Digital Almaty – бұл цифрлық технологиялар саласындағы жаңа стратегиялар мен трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. 

Ұйымдастырушылар – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, СІМ, Алматы әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: almatydigital.kz
Өзгелердің жаңалығы