Алматыда картоп пюресін жеп, шашалып қалған баланың өкпесінен сүйек шықты
1,5 жасар балаға күрделі диагностикалық ота жасалды.
Алматылық хирургтар кезекті шұғыл шақырту кезінде кішкентай сәбидің өмірін аман алып қалды. Үйінде картоп езбесін жеп отырып, тыныс жолына бөгде зат тұрып қалған 1,5 жасар балаға күрделі диагностикалық ота жасалды.
Бір тәулікке созылған мазасыздық
Оқиға үй жағдайында болған. Ата-анасының айтуынша, 1,5 жастағы ұл бала картоп пюресін жеп отырып, кенеттен шашалып, қатты жөтеле бастаған.
Алғашқыда отбасы мүшелері бұл жағдайға аса қатты мән бермегенімен, баланың жөтелі бір күн бойы тоқтамай қойған. Тыныс алуы қиындап, мазасы кеткен соң, ата-анасы көмек сұрап ауруханаға жүгінген.
Дәрігерлердің кәсіби шеберлігі
Бала ауруханаға түскен бойда дәрігерлер шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Клиникалық белгілер мен ұзаққа созылған жөтел өкпеде бөгде заттың бар екенін аңғартқан. Хирургтар дереу диагностикалық бронхоскопия жасау туралы шешім қабылдаған.
Тексеру барысында біз күтпеген жағдайға тап болдық. Бала пюре жегенімен, оның тыныс жолдарынан кәдімгі сүйек бөлшегі табылды. Сүйек өкпеге өтіп кетіп, қабыну тудыра бастаған, - дейді мамандар.
Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да үйде сүндеттелген бірнеше бала ауруханаға түсті.
Тағы оқи отырыңыздар:
Астанада басы горшокқа кептетіліп қалған 4 жасар бала құтқарылды
Семейде 47 жастағы әйелдің ішінен 6 келілік ісік алынды
Ақмола облысындағы зауытта төтенше жағдай болып, екі адам зардап шекті
- Қызметтік ит Астанаға кіреберісте көліктен есірткі тапты 20:18
- Жетісуда аурухананың 53 млн теңгелік тендері заң бұзушылықтарға байланысты тоқтатылды 19:49
- Иран ақпанда қаза тапқан Али Хаменеиді жерлеу күнін белгіледі 19:18
- Көкшетауда найзағай түскеннен кейін жекеменшік үй өртенді 18:49
- Астанадағы LRT-ның жеңілдік және мектеп карталарын қайдан және қалай алуға болады? 18:13
- Ресейдегі балалар лагерінде өрт шықты: 70-тен астам адам эвакуацияланды 17:50
- Адамдарға қолдау көрсету – басты басымдық: «Қазақмыс» әлеуметтік бағдарламаларымен 5,7 мыңнан астам адам қамтылды 17:36