Алматы облысында жасөспірім көлікпен баланы қағып кетті
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылды.
Түрген ауылында көлік жүргізген жасөспірім 12 жасар баланы қағып кеткен. Бұл ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады.
Жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түскен бойда, қызметкерлер жүргізушіні анықтау және ұстау бойынша шұғыл шаралар қабылдады.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері JAC маркалы автокөлігінің кәмелетке толмаған жүргізушісін анықтап, жауапкершілікке тартты. Жасөспірімнің ата-анасы да екі бап бойынша жауапқа тартылды, - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.
12 жасар баланы қағып кеткені туралы хабарлама полицияға түскеннен кейін, тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар жүргізушіні анықтау және ұстау бойынша шұғыл шаралар қабылдады.
Көлік құралы айып тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, түпкілікті процессуалдық шешім медициналық қорытынды алынғаннан кейін және зардап шегуші ауруханадан шыққан соң қабылданады, - деді полиция өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін екі адамның өмірін қиған жол апатына қатысты қостанайлық жүргізушіге үкім шықты.
Тағы оқи отырыңыздар:
Көкшетаудағы өлімге әкелген жол апаты: Жаңа дерек шықты
Таразда полициядан қашқан 15 жастағы бала апатқа ұшырады
«Кім болса да заң алдында жауап береді»: Депутат Көкшетаудағы жол апаты туралы
- Францияда Пушкиннің сирек кітаптарын ұрлағандарға жеті жылға дейін түрме жазасы кесілді 20:55
- Қызметтік ит Астанаға кіреберісте көліктен есірткі тапты 20:18
- Жетісуда аурухананың 53 млн теңгелік тендері заң бұзушылықтарға байланысты тоқтатылды 19:49
- Иран ақпанда қаза тапқан Али Хаменеиді жерлеу күнін белгіледі 19:18
- Көкшетауда найзағай түскеннен кейін жекеменшік үй өртенді 18:49
- Астанадағы LRT-ның жеңілдік және мектеп карталарын қайдан және қалай алуға болады? 18:13
- Ресейдегі балалар лагерінде өрт шықты: 70-тен астам адам эвакуацияланды 17:50