Алматы облысында жанжалдан кейін ер адамды пышақтап кетті
Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылында жанжал кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірлік Полиция департаменті хабарлағандай, кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары 56 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
«Қазіргі уақытта ол кінәсін мойындады», – деп жауап берді ведомство редакцияның сауалына.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленуші мен күдікті арасында ауызша жанжал болған. Тергеу нұсқасы бойынша, жанжал кезінде 56 жастағы ер адам жәбірленушіге екі рет пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Тергеу жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Абай облысында жас қызды пышақтап өлтірген 20 жастағы күдікті ұсталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Алматыда ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды
Пышақпен қаруланған ер адам Ұлттық ұлан сарбаздарына қарсы шықты
Анасын пышақтап, Вьетнамға қашып кеткен: Күдікті Қазақстанға жеткізілді