Қонаевта кәмелетке толмаған бала көлік астына түсіп, қаза тапты
Қонаевта кәмелетке толмаған баланың қатысуымен болған өлімге әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы тергеліп жатыр. Hyundai автокөлігін басқарған 22 жастағы жүргізушінің қағып кетуі салдарынан бала қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, апат №10 шағынауданда болған. Олар сондай-ақ жолдың бұл учаскесінде жаяу жүргіншілер жолағы жоқ екенін жеткізді.
Не болды?
Жол-көлік оқиғасы 20 қыркүйек күні сағат 18:40 шамасында Қонаев қаласындағы көшелердің бірінде орын алды.
Алматы облысы ПД алдын ала мәліметтері бойынша, Hyundai автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.
Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, 20 қыркүйек күні сағат 18:40 шамасында Қонаев қаласының көшелерінің бірінде Hyundai автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі жүру бөлігінде жүрген кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Алған жарақаттардың салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды», – деп жауап берді ведомство редакцияның сауалына.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тергеу Алматы облысы Департаменті басшылығының бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар маңында төрт автокөлік соқтығысты: Бір адам қаза тауып, жетеуі жарақаттанды.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақтау-Бейнеу жолындағы апат: Түйені қаққан көлік қарсы жолаққа шығып, 4 адам қаза тапты
Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды