Алматы облысында ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Олар 28 жастағы жігіттен ірі көлемде ақша талап еткен
Алматы облысында бопсалау және қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала деректер бойынша, 17 сәуірге қараған түні Талғар ауданында күдіктілер алдын ала жоспарланған схема бойынша 28 жастағы ер адамды адамдар аз жүретін жерге алдап шақырған.
Кейін олар пышақпен қорқытып, күш қолдану арқылы жәбірленушіге дене жарақатын келтіріп, оны таулы аймаққа күштеп алып кеткен, – деді Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.
Қаскөйлер жәбірленушіні құқық қорғау органдарына оның тарапынан заңсыз әрекеттер жасалды деген жалған ақпарат таратамыз деп қорқытып, 10 миллион теңге талап еткен. Сондай-ақ құны шамамен 17 миллион теңге болатын автокөлігін кепіл ретінде алып қойған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, сондай-ақ ұсталғандардың өзге де осы тектес қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр, – деп толықтырды облыстық ПД бастығы, полиция полковнигі Мейрам Әбікеев.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге талап еткен блогер сотталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Павлодарда студенттер қатарластарына "салық" салған
200 мыңнан басталған бопсалау 400 мыңға жетті: Күдікті ақша алып жатқан сәтте ұсталды
5 жыл құпия орында жасырынған: Қарағандыда 117 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды