5 жыл құпия орында жасырынған: Қарағандыда 117 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Қарағандыда 5 жыл халықаралық іздеуде жүрген күдікті арнайы операция кезінде ұсталды. Ол 117 млн теңге бопсалауға қатысы бар деген күдікке ілінді.

 polisia.kz Бүгiн 2026, 14:02
Бүгiн 2026, 14:02
177
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында 5 жыл бойы құпия орында бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адамды құрықтады.

Аталған тұлға бопсалау қылмысы бойынша 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

Арнайы операция Қарағанды қаласының аумағында, жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде жүргізілді. Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған жасырын орынды анықтап, іздеудегі күдіктінің сол жерде жасырынып жүргенін әшкереледі. Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам қала тұрғынын қорқытып, күш қолданып, 117 миллион теңге бопсалауға қатысы бар. Күдікті ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, жасырынып жүрген, – деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, ер адам бұрынғы сүйіктісін сотқа беріп, 2,5 млн теңге талап етті. Арақатынастары үзілгеннен кейін жігіт әйелден бұрын берген ақшаларын қайтар деп соттасқан.

Тағы оқи отырыңыздар:

Жеке хаттармен қорқытқан: Жетісуда 25 млн теңге бопсалаған әйел ұсталды 

Қызбен кездесуге барған жігіт бопсалаушылардың құрбаны болды

Талдықорғанда бопсалаушылар таныстарын қорқытып, несие алуға мәжбүрлеген

Наверх