12 Қараша 2026, 16:26

Әлеуметтік осал санаттағы студенттердің жатақхана шығыны өтеліп, стипендиясына үстемеақы төленеді

Қазақстанда әлеуметтік осал санаттағы жастардың жоғары білім алуына қолдау көрсету шаралары кеңейтіліп жатыр. 2023 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысының кемінде 2 пайызы жетім балаларға бөлінеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, соңғы үш жылда әлеуметтік осал санаттағы студенттерге қосымша қолдау көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, жетім балалар мен толық емес отбасылардан шыққан жастардың жатақханада тұру шығындары өтеліп, шәкіртақысына қосымша үстемеақы төленеді.

Сонымен қатар «Серпін» бағдарламасын іске асыру тетіктері жаңартылған. Министрдің мәліметінше, былтыр бағдарлама аясында бөлінген гранттарды игеру көрсеткіші алғаш рет 80 пайыздан асқан.

«Серпін» бағдарламасын іске асыру тетіктері де жаңартылды. Былтыр бағдарлама бойынша бөлінген гранттарды игеру көрсеткіші алғаш рет 80 пайыздан асты. Қазіргі уақытта бағдарлама жаңа форматқа көшіріліп, оның ережелеріне өзгерістер енгізілді, – деді Саясат Нұрбек.

Министрдің сөзінше, аталған шаралар жоғары білімнің қолжетімділігін арттыруға және әлеуметтік осал санаттағы жастардың оқуына қажетті жағдай жасауға бағытталған.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда соңғы жеті жылда жоғары білім беру жүйесін қаржыландыру көлемі артқаны хабарланды. Мемлекеттік білім беру тапсырысына бөлінетін қаражат 1,5 трлн теңгеге жетіп, 2,6 есе өсті.

Белгілі болғандай, Қазақстанда студенттердің үлгерімін бағалау жүйесі өзгерді. Жаңа GPA қалай есептелетінін осы жерден оқи аласыз.