1 Маусым 2026, 10:41
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина
Әл-Фарабидегі жол апаты: Күдікті тергеу изоляторынан онлайн жауап береді
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты басты сот отырысы басталды.
Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Істі судья Еркін Майшинов қарайды.
Сот отырысына күдікті Александр Пак пен жәбірленуші тарап онлайн қатысып отыр.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні болған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Zeekr жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін оның жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталып, тергеу изоляторына қамалды.
Соттың алдын ала талқылауында жәбірленушілердің бірі кешірім беруі мүмкін екені хабарланды.
- Жамбыл облысында көкпар кезіндегі жанжал атыспен аяқталды 17:01
- Қазақстан қыстың қамына кірісті: Қанша мал азығы дайындалды? 16:47
- «Бави» тайфуны мен нөсер жаңбыр: Қытайда қауіптің қызғылт сары деңгейі сақталуда 16:25
- Астаналық бойжеткен ат клубында ауыр жарақат алғанын айтып, жұртты сақ болуға шақырды 16:03
- Балмұздақты қалай дұрыс таңдау керек? 15:41
- Қазақстан сары май мен күнбағыс майының өндірісі мен экспортын ұлғайтты 15:21
- ШҚО-да тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты 15:07