Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатын тергеу аяқталды.
Бұл ақпаратты BAQ.KZ тілшісіне жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов растады.
Қазіргі уақытта тараптар іс материалдарымен танысады. Артынша іс сотқа жолданады.
Еске салайық, 21 наурыз күні таңғы сағат 03:30 шамасында Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өлімімен аяқталған қайғылы жол апаты болды. Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.
Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апатына қатысты қазақстандықтар ашық сотты талап етті.
Аталған жол апаты оқиғасынан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылды. Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция полковнигі Ғалым Сарғұлов тағайындалды.
Сенат депутаты Марат Қожаев 21 наурызда Алматыда 3 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апаты туралы пікір білдірді.