Алматыдағы жол апаты: Жәбірленушілердің бірі кешірім беруі мүмкін 

Судья күдіктінің сотты онлайн өткізу туралы өтінішіне қатысты шешім шығарады.

Бүгiн 2026, 16:35
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Бүгiн 2026, 16:35
Бүгiн 2026, 16:35
142
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатында қаза тапқан жігіт Құмар Тенелбаеваның анасының құқығын қорғаушы Мейірман Шекеев процеске қатысты пікір білдірді. 

Адвокаттың сөзінше, бастапқыда марқұм жігіттің анасы кешірім беруді ойлаған. 

Бастапқыда анасы кешірім берем деген ниет білдірген. Бірақ сот барысында анасы әзірге кешірім бермейміз деді. Кешірім беруі де, бермеуі де мүмкін. Күдікті тараптың өкілдері, ата-анасы кешірім сұрап келді. Анасы күйзелісте жүргендіктен сөйлесуге мүмкіндігі болмаған, - дейді Мейірман Шекеев. 

Ол кешірім берудің үкімге қаншалық әсер етуі мүмкін екенін айтты. 

Бұл бап бойынша күдікті қалай болғанда да жазасын алады. Кешірім беру жылға ғана әсер етеді. Сот барысында азаматтық талап қоямыз. Соны орындаған болып саналады. Азаматтық талап деген материалдық және моральдық шығын талап ету. Қазіргі таңда моральдық шығынның көлемін айта алмаймыз. Шамамен 100 миллион болуы мүмкін. Себебі Құмардың алған несиелері, басқа да шығындары болған, - дейді заңгер. 

Шекеев әзірге басқа жәбірленушілердің ұстанымыз айта алмайтынын жеткізді. 

Қазіргі таңда бастапқы үш жәбірленуші бар. Менің білуімше, Томиристің анасы (жәбірленуші тарап) кешірім берген. Іс материалдарымен танысқанымыз кезінде олардың жазбаша кешірім бергенін көрдік. 

Еске салайық, бүгін күдіктіге қатысты соттың алдын ала тыңдауы өтті. Күдіктінің қорғаушы тарапы сот процесін қашықтан онлайн өткізуді, БАҚ өкілдеріне фото және видео түсірілім жасауға тыйым салуын сұрады. Күдікті үш кәмелетке толмаған баласы барын айтты.  

Қазіргі уақытта судья тараптардың өтініші бойынша шешім шығаруға кетті. 

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда 3 адам қаза тапқан жол апаты бойынша айыптау актісі оқылды.

Қайғылы оқиға 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні болған. Тергеу мәліметіне сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Zeekr жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін оның жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталып, тергеу изоляторына қамалды.
Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апатына қатысты қазақстандықтар ашық сотты талап етті.

Аталған жол апаты оқиғасынан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылды. Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция полковнигі Ғалым Сарғұлов тағайындалды.

Наверх