ӘЧ-2022. Бразилияның жеңісі мен Ришарлисонның супер голы

Бүгін футболдан әлем біріншілігінде G тобындағы Бразилия құрамасы Сербиямен кездесіп, қарсыласын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Бірінші таймда ойын толықтай Бразилияның басымдығымен өтті. Алайда, фавориттер серб қақпашысы Савичтің осал тұсын таба алмады. Сербиялықтар сәтті қорғана білді.

Матчтың екінші бөлігінде ойын қыза түсті. 

Бразилиялықтардың үздіксіз шабуылымен басталған таймның 62 минутында (1:0)  Ришарлисон есеп ашты. Бразиялықтардың голынан кейін сербиялықтар шабуылын жиілетті. Алайда, Ришарлисон 73 минутта (2:0) қарсылас қақпасына қайшылап тұрып екінші голын соқты. Осылайша, шабуылшының дублінен соң матчты толықтай Бразилия тізгіндеді. 

Есеп - 2:0

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Криштиану Роналдудың жаңа рекорды туралы жазған едік. Сонымен қатар бүгін әлем чемпионатында H тобындағы  Португалия мен Гана арасында кездесу өтті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы