H тобындағы драма Португалияның жеңісімен аяқталды

25 Қараша 2022, 00:04
2049
Бөлісу:
H тобындағы драма Португалияның жеңісімен аяқталды
Фото: Clive Brunskill/Getty Images

Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Португалия Ганадан басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Матчтың алғашқы голы 65 минутта пенальтиден соғылды. Гол авторы - Криштиану Роналду. Артынша , 10 минут өтпей жатып Гана құрамасының ойыншысы Андре Айю жауапты гол салды. Кейін кездесудің 78-80 минутта португалдық Жоау Феликс мен Рафаэл Леау (3:1) есепті еселеп кетті. Матчттың соңғы минуттарына Гана футболшылары мінез көрсетіп, Осман Букари 89 минутта (3:2) ойын есебін қысқартты.

Төреші матчқа қосымша 8 минут қосты. Алайда, ганалықтар таразы басын теңестіре алмады.

Есеп 3:2 Португалияның пайдасына шешілді. 

Бүгінгі футбол додасында Португалия мен Гана матчын негізгі құрамы келесідей болды:

Португалия: Д. Кошта, Канселу, Диаш, Перейра, Геррейру, Невеш, Отавио, Фернандеш, Б. Силва, Роналду, Феликс.

Гана: Ати-Зиги, Баба, Салису, Джику, Амарти, Сейду, А. Айю, Парти, Самед, Кудус, Уильямс.

Еске сала кетейік, бүгін Лусаил стадионында G тобының екінші кездесуі Бразилия- Сербия арасында өтпек. Төреші - Алиреза Фагани (Иран). 

Өзгелердің жаңалығы