ӘЧ-2022: Роналду рекорд жаңартты

25 Қараша 2022, 01:32
3416
Бөлісу:
ӘЧ-2022: Роналду рекорд жаңартты
Фото: rsport.ria.ru

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рет рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

37 жастағы португалдық бес рет әлем чемпионатына қатысып, бесеуінде де гол соққан тұңғыш ойыншы атанды.

Сондай-ақ Роналду әлем біріншілігінде еркін агент ретінде гол салған екінші ойыншы болды.

Еске салайық,  әлем чемпионаты басталмай тұрып, ол ағылшындық «Манчестер Юнайтедтен» кеткен еді.

Сонымен бірге Криштиану әлем чемпионатында Мессидің көрсеткішін қайталады.

Ол бесінші әлем чемпионатына қатысып жатыр. Осыған дейін бұл көрсеткішке Антонио Карбахаль, Рафаэль Маркес, Гильермо Очоа (үшіеуі де - Мексика), Лотар Маттеус (Германия) және Лионель Месси (Аргентина) ие болған еді.

Португалдық бұған дейін 2006, 2010, 2014 және 2018 жылдары әлем чемпионатында өнер көрсеткен. 

Өзгелердің жаңалығы