Абай облысында шахтадағы апат: Марқұмның артында үш баласы қалды
Қаза тапқан азамат небәрі 32 жаста болған.
Орлов кенішіндегі қайғылы оқиға: Бір жұмысшы қаза тауып, екіншісі ауруханаға түсті
Орлов кенішінде орын алған жазатайым оқиға қазақстандықтарды тағы да дүр сілкіндірді. Осыдан бір ай бұрын ғана аталған шахтада екі жұмысшы уланудан көз жұмған болатын. Ал 27 сәуір күні кеніште тау жыныстары құлап, екі адамды басып қалды: біреуі оқиға орнында мерт болса, екіншісі көптеген сынықтармен ауруханаға жеткізілді.
Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқан азамат небәрі 32 жаста болған, оның артында үш кәмелетке толмаған баласы қалды.
Қайғылы жағдай Абай облысы, Бородулиха ауданы, Жезкент кентінің маңында орналасқан «KAZ Minerals» тобына қарасты «Востокцветмет» ЖШС-нің Орлов кенішінде болды.
Тау жыныстарының опырылуы салдарынан бір қызметкер қаза тауып, тағы бір зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
«KAZ Minerals» ЖШС баспасөз қызметі қаза тапқан жұмысшының 1994 жылы туғанын және бұрғылаушының көмекшісі (памбур) болып жұмыс істегенін нақтылады.
Оның үш баласы мен ата-анасы бар. Отбасы Семей қаласында тұрады, - деп хабарлады кәсіпорын өкілдері.
Екінші зардап шегуші қазір ем қабылдауда. Белгілі болғандай, тау жынысының құлауы кезінде ол қосарланған жарақат алған. Ол бекітуші болып жұмыс істеген.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы тұрақты, оған «жабық бассүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы және омыртқалардың компрессиялық сынығы» деген диагноз қойылған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтауда. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жан-жақты қызметтік тексеру басталды.
Айта кетейік, «KAZ Minerals» Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында үш жерасты кенішін игеруде. Олар - Артемьев, Орлов және Ертіс кеніштері.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысында шахтада 4 сағат үйінді астында жатқан кеншінің жағдайы белгілі болды.
Сондай-ақ, Абай облысындағы Орлов шахтасында бір адам қаза тапқан еді.
Тағы оқи отырыңыздар:
Тағы оқи отырыңыздар:
Ақмола облысындағы шахтада жұмысшы өлі күйінде табылды
Ақмола облысында шахтаға заңсыз кірген ер адам қаза тапты
Абай облысында газдан уланған жұмысшы қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға түсті
- «Lotus Fest-2026»: Биыл фестивальге 10 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде 15:35
- Құрылтай сайлауы: Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді 15:31
- Қазақстанда студенттердің 85%-ы жатақханамен қамтылған 15:16
- Полиция қызметкерлерін тепкілеп, тас және таяқпен ұрған: Үш ер адам түрмеге қамалды 15:07
- Астанада 9 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен: Федерация мәлімдеме жасады 14:49
- Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада аптап ыстықтан кейін күн күрт суытады 14:37
- 11 жыл бойы өте үздік оқыған түлек «Алтын белгісіз» қалды 14:16