Абай облысында мейрамхана маңында оқ атқан тұрғын ұсталды
Абай облысында мейрамхана маңында оқ атқан тұрғын 5 тәулікке қамауға алынды.
23 қыркүйек күні сағат 02:00 шамасында Момышұлы көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінің маңында мас күйінде болған ер адам сигналдық тапаншадан аспанға екі рет оқ атқан.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол Семей қаласының 23 жастағы тұрғыны Никита Боронин болып шықты. Ер адамға қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін тиісті шаралар қолданылды. Сот қаулысымен ол 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Полиция қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Айта кетейік, бұған дейін Семейде «өрмекші адам» жауапқа тартылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Семейде 19 жастағы студент қызды өлтіріп кетті: Күдікті ұсталды
Семейде автожуу аумағында газгольдер жарылып, жүк көлігі мен екі үй өртенді
Семейде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан зейнеркерді көлік қағып кетті