Бүгiн 2026, 14:36 Фото: kazhydromet.kz

+45°C ыстық: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер 2026 жылғы 09-11 шілдедегі ауа райын болжады.

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында және солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ түсіп, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады және екпінді жел күшейеді. 9 шілдеде елдің шығысында әлі де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Одан кейін жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да қысқамерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ал республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, күндіз ауа температурасы қатты және өте қатты ыстық болуы ықтимал екенін ескертті. 

Еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында +33…+42°С-қа дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +32…+40°С-қа дейін, оңтүстігінде +38…+45°С-қа дейін, ал шығысында +30…+38°С-қа дейін көтеріледі, - дейді синоптиктер.

Еске салайық, бұған дейін Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жаз ыстық болатынын айтты

2026 жылғы маусымда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болатыны да хабарланды