+44 градус ыстық пен үскірік аяз: Синоптиктер мамыр айындағы ауа райын болжады
2026 жылдың мамыр айына арналған ауа райы.
«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстандағы 2026 жылдың мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды.
Мамандардың мәліметінше, жалпы ел бойынша ауа райы әдеттегіден жылы болады және жауын-шашын мөлшері әртүрлі деңгейде түседі деп күтілуде.
Қазақстан бойынша ауа температурасы
-
Қазақстанның басым бөлігінде мамыр айындағы орташа айлық температура +14...+19 градус шамасында болады деп болжануда.
-
Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және қиыр оңтүстік-шығысында ауа райы бұдан да жылы +20-ден +24 градусқа дейін болады деп күтілуде.
- Оңтүстік-шығыс пен шығысындағы таулы аймақтарда температура +12…+14 градус шамасында болады.
- Ауа райының климаттық нормадан ауытқуы орташа деңгейден +1…+2 градусқа жоғары болады деп күтілуде.
Мамыр айындағы жауын-шашын
-
Жалпы Қазақстан бойынша жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады деп күтілуде.
-
Ал бірқатар өңірлерде, соның ішінде Қызылорда, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстарының бір бөлігінде, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кейбір аумақтарында жауын-шашын нормадан аз болады деп болжануда.
Астана бойынша болжам
Астанада мамыр айының орташа температурасы +16,1 градус шамасында болады, бұл нормадан 1,6 градусқа жоғары.
-
Бірінші онкүндікте: Ауа температурасы түнде +2...+7-ден +11...+16 градусқа дейін, күндіз +16...+21-ден +25...+30 градусқа дейін құбылады деп болжануда. Онкүндіктің соңында күн күрт суытады.
-
Екінші онкүндікте: Түнде температура +2...+7 градустан +14...+19 градусқа дейін ауытқиды, топырақ бетінде 1 градус үсік жүруі мүмкін. Күндіз +16...+21-ден +28...+33 градусқа дейін көтеріледі. Онкүндіктің соңында түнде +5...+10, күндіз +20...+25 градусқа дейін жылынады.
-
Үшінші онкүндікте: Түнде температура +9...+14-тен 0...+5 градусқа дейін төмендейді, топырақ бетінде 3 градус үсік болуы ықтимал. Күндіз +23...+28-ден +10...+15 градусқа дейін төмендейді. Айдың соңында түнде +9...+14, күндіз +23...+28 градусқа дейін қайта көтеріледі.
-
Жауын-шашын: Елордада жауын-шашын мөлшері норма шамасында күтіледі.
Алматы бойынша болжам
Алматыда мамыр айының орташа температурасы +19 градус шамасында болады, бұл нормадан 1,9 градусқа жоғары.
-
Бірінші онкүндікте: Түнде +9...+14-тен +14...+19 градусқа дейін, күндіз +23...+28-ден +28...+33 градусқа дейін құбылмалы болады.
-
Екінші онкүндікте: Температураның көтерілуі күтілуде: түнде +9...+14-тен +17...+22-ге дейін, күндіз +23...+28-ден +33...+38 градусқа дейін. Онкүндіктің соңында түнде +9...+14, күндіз +23...+28 градусқа дейін төмендейді.
-
Үшінші онкүндікте: Алдымен температура түнде +15...+20, күндіз +29...+34 градусқа дейін көтеріледі. Содан кейін түнде +7...+12, күндіз +26...+31 градусқа дейін төмендейді. Айдың соңында түнде +12...+17, күндіз +26...+31 градусқа дейін жылынуы ықтимал.
-
Жауын-шашын: Мөлшері норма шамасында, бірақ ай бойы жаңбыр, найзағай, екпінді жел және дауыл мен шаңды боран сияқты қауіпті құбылыстар болуы мүмкін.
Шымкент бойынша болжам
Шымкентте мамыр айының орташа температурасы +21,4 градус шамасында болады, бұл нормадан 2,1 градусқа жоғары.
-
Бірінші онкүндікте: Температура біртіндеп көтеріледі: түнде +10...+15-тен +17...+22-ге дейін, күндіз +23...+28-ден +33...+38 градусқа дейін. Онкүндіктің соңында түнде +11...+16, күндіз +25...+30 градусқа дейін төмендейді.
-
Екінші онкүндікте: Түнде +20...+25 градусқа дейін, күндіз аптап ыстық +39...+44 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда. Одан кейін түнде +10...+15, күндіз +27...+32 градусқа дейін төмендейді. Онкүндіктің соңында температура қайта күрт көтеріледі.
-
Үшінші онкүндікте: Температура түнде +15...+20, күндіз +34...+39 градусқа дейін көтеріледі. Содан кейін күрт суытып, түнде +10...+15, күндіз +22...+27 градус болады. Онкүндіктің екінші жартысында температура түнде +10...+21, күндіз +22...+33 градус аралығында құбылады.
-
Жауын-шашын: Бір айлық мөлшері норма шамасында болады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның солтүстігі мен шығысында – 18°С аяз болады деп болжанған.
Тағы оқи отырыңыздар:
Алдағы күндері күн күрт суытады: Жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады
Сәуірде ауа райы қандай болады?