Бүгiн 2026, 12:49 Фото: ©BAQ.KZ архиві

+40°С ыстық пен нөсер жаңбыр: Мереке күндері ауа райы қандай болады?

4-6 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы.

Демалыс күндері Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық фронталды бөліністердің өтуіне байланысты күн райының құбылмалы сипаты сақталады. Дегенмен, кезеңнің соңына қарай облыстардың басым бөлігінде күн жылынады деп күтілуде.

«Қазгидромет» РМК нақтылағандай, бүкіл кезең бойы солтүстікте, 4 шілдеде солтүстік-батыста, 4-5 шілдеде оңтүстік-шығыста, орталықта, ал 5-6 шілдеде шығыста нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде. Республика бойынша синоптиктер жел күшейіп, бұршақ жауатынын, дауыл тұратынын болжайды.

Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл, ал республиканың солтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 5-6 шілдеде облыстардың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды.

Республиканың батысы мен орталығында 35-39°C-қа дейін, оңтүстік-батысында 40°C-қа дейін, ал солтүстік-батысында 35°C-қа дейін аптап ыстық күтіледі.

Бүкіл кезең бойы шығыста 35-37°C-қа дейінгі қатты ыстық сақталады.

Еске салайық, бұған дейін Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жаз ыстық болатынын айтты

2026 жылғы маусымда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болатыны да хабарланды